13:13, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Жолда бұзылған «Бішкек-Омбы» автобусының жолаушыларына көмек көрсетілді
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Бішкек-Омбы» бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы Қарағанды облысының аумағында, Балқаш-Қарағанды жолының 54-ші шақырымында бұзылып қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға туралы хабар бүгін таңертең сағат 7.20-да келіп түскен. Автобуста 51 жолаушы болған. «Сағат 8.45-те оқиға орнына жолаушыларды жақын маңдағы кемпингтер мен дәмханаларға жеткізу үшін автобустар және бұзылған автобусты тіркеу үшін «Рено» грейдері жіберілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар ведомствосынан. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.