Жолдарды күтіп-ұстауға ғылыми жаңалықтарды енгізу қажет
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат. 2010 жылғы 27 сәуірде көлік және коммуникация министрлігі «КазГерСтрой» қазақстан-герман холдингінің базасында «Жол жамылғысын жасау мен күтіп ұстаудағы заманауи технологиялар» тақырыбында кеңейтілген ғылыми-техникалық семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңестің жұмысына жол құрылысының барлық тарамдарын қамтитын көлік ведомствосы мен ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысты. Айталық, Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері, «Облжоллаборатория» ММ мен олардың өңірлік құрылымдары, «Астана, Алматы қаласы жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы» ММ, «Госэкспертиза» РМК, жобалық және мердігерлік ұйымдар, Қазақстанның барлық өңірлерінен ғалымдар мен тәжірибиешілер өкілдері қатысты, деп хабарлады ККМ баспасөз қызметінен.
Кеңесті ашқан Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов бұл кездесу жол құрылысына жаңа инновациялық технологияларды енгізуге арналып отырғандығын атап өтті. Бұдан тыс, семинар саладағы көкейкесті мәселелерді талқылаудың, шетелдік әріптестердің тәжірибесін зерттеудің және мәселелерді шешудің ең тиімді жолдарын анықтаудың жаңа бір мүмкіндігін ашып отыр.
Кейінгі жылдары автожол саласына айрықша көңіл бөліне бастады, қаржыландыру көлемі жыл сайын көбейіп келе жатқандығын атау ләзім. Ағымдағы жылы жалпы қолданыстығы автожолдардың дамуына 240,3 млрд. теңге, соның ішінде «Жол картасы» бойынша 29,2 млрд. теңге қарастырылған. Жалпы қолданыстағы автожолдарға, жергілікті желіні қоса алғанда, жөндеу жұмыстарымен 5 000 шақырым астам автожолдарды қамту жоспарланған. 2010 жылы жергілікті автожол желілерін дамытуға 37,3 млрд. теңге қарастырылып, соның аясында 1 410 шақырым жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар, жол-құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі іргелес салалар да қарқынды дами бастады. Бүгінгі күнге жол құрылысында пайдаланатын материалдардың 86 пайызы қазақстандық, оның ішінде тосқауыл қоршаулар, жарық беру бағандары, лак-бояу және геосинтетикалық материалдар.
Мұнымен бірге, оң факторлармен қатар, келеңсіз факторлар да бар - олар жол жөндеу сапасының төмендігі, жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеудегі қателіктер, жұмыс технологиясын бұзу, жол кәсіпорындарының жарақтану деңгейінің жеткіліксіздігі. Жобалық шешімдерге инновациялық технологияларды енгізу, жол жүру қозғалысының қатысушыларының қауіпсіздігін деңгейін қамтамасыз ету, ұзақ мерзімділік пен жол құрылымының жөндеу жұмыстарының аралық мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар толық көлемде жүргізіліп отырған жоқ. Қазіргі күні жобалық шешімдер шаблонды түрде және соңды жетістіктерді ескерусіз болып табылады.
Өткізілген семинар аталған қордаланған мәселелерді жоюдың ең тиімді шешімдерін іздестіру алаңына айналды. Семинардың соңында оған қатысушылар материалдардың сапасын бақылаудың ең жаңа құрылғыларымен танысты, жол саласын одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі.