08:43, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
Жолдардың жағдайына тиісінше мән бермеген 4 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды - ШҚО
ӨСКЕМЕН. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Шығысқазақстандық 300-ге жуық тәртіп сақшысы «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасына жұмылдырылып отыр.

Оған полицияның өзге құрылымдарынан 134 қызметкер тартылды.
Шараның алғашқы күні 800 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде жылдамдықты шектен тыс арттыру, белгіленген жерде жаяу жүргіншілерге жол бермеу, қауіпсіздік белбеуін тақпау бар.
Ал жолдарға тиісінше назар аудармаған жол қызметтері саласындағыларға 20-дан астам ұйғарым хаттамасы толтырылып, 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.