Жолдау.«7-20-25»: Мұғалімдер мен дәрігерлерге бастапқы жарна төмендейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының Жолдауын жүзеге асыру аясында педагогтар мен дәрігерлерге және полицейлерге «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарна төмендетіледі. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жолдау.«7-20-25»: Мұғалімдер мен дәрігерлерге бастапқы жарна төмендейді

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген нақты тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында, білікті ұстаздар, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және өңірге қажет басқа да мамандық иелеріне «7-20-25» бағдарламасының бастапқы жарнасын төмендету бойынша жұмыстар басталды. Қазіргі таңда Шымкент қаласы, Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен тиісті меморандумдарға қол қойылды», - деді Қайрат Алтынбеков Парламент Сенатының депутаттарымен өткен кездесуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қайрат Алтынбеков Сенат депутаттарына «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын баяндады.

Оның атап өтуінше, бағдарламаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Сбербанк қатысуы мүмкін.