Жолдау «Нұр Отанға» жаңа мiндеттер жүктедi - ОҚО әкімі

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауы «Нұр Отан» партиясының облыстық және жергiлiктi филиалдарына жаңа мiндеттер жүктеп отыр.
None
None

Бұл туралы облыс әкiмi, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасы Асқар Мырзахметов саяси ұйым филиалының кезектi есеп беру-сайлау конференциясында мәлiмдедi, деп жазады «Оңтүстік Қазақстан» газеті.

- Жолдауда шағын және орта бизнестi қолдауға Ұлттық қордан қосымша 100 миллиард теңге бөлiнетiнi айтылды. Кәсiпкерлiктi дамытуға атсалысу - партияның алдына қойылған маңызды мiндеттердiң бiрi. Бүгiнде өз iсiн ашамын деушiлерге жан-жақты қолдау көрсетiлуде. Жеңiлдетiлген несиелер ұсынылуда. Облысымызда 15 индустриялды аймақ ашуға 850 гектарға жуық жер бөлiндi. Бұл аймақтарда инфрақұрылым мемлекеттiң есебiнен жүргiзiлуде. Осынша қолдау көрсетiлiп отырғанына қарамастан, аталған аймақтарға инвестициялық жобалар ұсыну жағы көңiл көншiтпейдi. Демек, «Нұр Отан» түсiндiру жұмыстарын жан-жақты жүргiзiп, азаматтарды ынталандыруы тиiс, - дедi Асқар Мырзахметов.

Соңғы жаңалықтар