Жолдау жолдары жұмылуға үндейді

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Елбасының жыл сайынғы Жолдауының қол жеткен жетістіктерді саралап, елдің алдағы уақытта дамуының басым бағыттарын белгілейтін өзіндік бағдарламалық сипаты бар.

Жолдау жолдары  жұмылуға үндейді
Сол себепті еліміздің өмір тынысын таразылайтын Жолдаудан қазақстандықтар үлкен үмітпен күтеді. Байқоңыр қалалық сотының кеңсе меңгерушісі Алтыншаш Сырымбетова осындай пікір білдірді, дейді ҚазАқпарат тілшісі.«Жолдауда адамның өз-өзіне сенуі, ертеңгі күнге деген үмітін үзбеу мәселесі сөз болды. Әсіресе, Елбасының осындай кезеңде халықтың дағдарыстан қорықпай, керісінше, дағдарысты еңсеру үшін мемлекеттің экономикалық саясатына қолдау білдіріп, әрбір азаматтың өз бетінше көп еңбектенуі керектігі талай адамға ой салғаны анық.«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді». Елбасы Жолдауды қазақтың осы бір нақыл сөзімен қорытындылады. Қазіргі кезде берекесіз тірлікті доғарып, ел үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кезең келгенін ұмытпауымыз тиіс», - дейді Алтыншаш Сырымбетова.