Жолдауды жүзеге асыру: республикалық жолдардың жағдайы 93%-ға дейін жақсарды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Үкімет мәлім етті.

Жолдауды жүзеге асыру: республикалық жолдардың жағдайы 93%-ға дейін жақсарды
Фото: Александр Павский/ Kazinform

2025 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстары 13 мың шақырымнан астам жолды қамтыды. 

 Оның 7 мың шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жезқазған — Петропавл», «Мұқыр — Құлсары», «Орал — Атырау» және басқа да автожолдар қамтылды, «Орталық — Батыс» автожолының, сондай-ақ «Ақтөбе — Ұлғайсын», «Қарағанды — Жезқазған» учаскелерінің, Сарыағаш, Рудный және Шымкент айналма жолдарының құрылысы басталды. «Қалбатау — Майқапшағай» жолы аяқталады. ⚖️ Артық жүктемелерді бақылау үшін 60 автоматтандырылған өлшеу стансасы (АӨС) орнатылды, 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 220-ға жеткізіледі.

— Цифрландыруға көп көңіл бөлінуде. Электронды билеттер, цифрлық диспетчерлеу, болжамды техникалық қызмет көрсету, зияткерлік көлік жүйелері енгізілуде, — деді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Соңғы жаңалықтар