13:30, 13 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Жорға жарыста қазақ тұлпары екінші келді
АСТАНА. KAZINFORM — Дүниежүзілік көшпенділер ойынында 9 шақырымдық жорға бәйгеде Қазақстан сәйгүлігі екінші келді.

Жорға жарысқа 18 қатысушы қатысты. Қырғызстандық «Чиксон Лок» мәре сызығын бірінші болып кесті.
Қазақстан сәйгүлігі «Ақ-жауын» екінші болып келсе, қырғыз тұлпары «Императрица» үштікті түйіндеді.
- 1-орын: Чиксон Лок, шабандоз — Жайлообек уулу Чубан, бапкері — Жайлообек уулу Чубан, ат иесі — Жақыпбек Қарыпбеков (Қырғызстан);
- 2-орын: Ақжауын, шабандоз — Ербұлан Тілеуғалиұлы, бапкері — Шабдан Алмазбекұлы, ат иесі — Қымбат Тілеуғалиұлы (Қазақстан);
- 3-орын: Императрица, шабандоз — Нурэл Иранов, бапкері — Жайлообек уулу Чубан, ат иесі — Омурбек Бабанов (Қырғызстан).