11:01, 23 Наурыз 2013 | GMT +5
Жойқын жарылыс салдарынан 8 адам мерт болды
АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Пәкістанда жойқын жарылыс болып, 8 адам қаза тапты, деп хабарлады 24.kz арнасынан.

Жараланғандар саны 30-дан асқан. Халықаралық агентітіктердің хабарлауынша, оқыс оқиға Белуджистан провинциясының Дера-Аллах-Яр қаласында тіркелді. Жарылғыш зат жергілікті базарлардың бірінде арбаға орнатылып, адамдар жиналғанда іске қосылған. Зардап шеккендерге қажетті жәрдем көрсетілуде. Әзірге жарылысты ұйымдастырғандар анықталған жоқ. Полицейлердің келтірген деректеріне қарағанда бұл жергілікті экстремистік топтардың ісі болуы мүмкін. Тергеу ісі басталды.