20:38, 17 Ақпан 2010 | GMT +5
Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Облыс әкімінің өкімімен Бағлан Қарашолақов Жуалы ауданының әкімі қызметіне тағайындалды,
деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бағлан Жиенәліұлы Қарашолақов 1949 жылы туған, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген.
Бұған дейін ол Шу ауданының әкімі қызметінде болды.
Жуалы ауданының бұрынғы әкімі Мейірбек Пірәлиев басқа жұмысқа ауыстырылды.