08:43, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Жуалы ауданында таң шаңғысы базасын салу жоспарлануда - Жамбыл облысы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы туристік-рекреациялық әлеуетке ие және туризмді,

әсіресе халықаралық туризмді дамытуға аймақтың мүмкіндігі зор, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына сілтеме жасап. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, соңғы жылдары туризмнің барлық түрі бойынша туристік ағымның өсіп отырғаны байқалуда, туристік нысандар саны артып, бұл саладан түсетін табыс та еселеніп отыр. Тек былтыр ғана бұл көрсеткіштер біраз кеміген, бірақ мамандар мұны дағдарыспен байланысты уақытша құбылыс деп санайды. Облыста аймақтың туристік имиджін қалыптастыру және ұлттық туристік өнімді әлемдік рынокқа шығару мәселесі назардан тыс қалып отырған жоқ. «Атамекен» Одағы» ұлттық-экономикалық палатасының филиалымен және өңірдің туристік ұйымдарымен бірлесіп, облыс әкімдігінің бастамашылығымен және қолдауымен, «Жамбыл облысының туристік индустриясы қауымдастығы» құрылып отыр. Қауымдастық облыстың туристік фирмаларының мүдделерін қорғаумен айналысады. Оған қоса, аймақта екі инвестициялық бизнес-жоба әзірленді, оның бірі ? Жуалы ауданында тау шаңғысы базасын салу жөніндегі құны 510 миллион теңгенің «Бәйтерек» саяхат орталығы» ЖШС-нің бизнесі жобасы болып табылады. Ал, «Тілебай бала» ЖШС Жуалы ауданында «Тау самалы» туристік кешенін салуды жоспарлауда, жобаның құны ? 250 миллион теңге. Туризм және спорт министрлігі бұл жобаларды мақұлдап, әрі қарай жүзеге асыруға кеңес берді.