Жұбайын пышақтап өлтірген азамат 18 жылға бас бостандығынан айырылды

Сот анықтағандай, азамат К. алкогольдік масаң күйінде бұрынғы жұбайымен қарым-қатынасын қалпына келтіру үшін оның үйіне келіп, жұбайының қарсылық білдіргені үшін пышақ салған. Жұбайы алған жарақаттардан сол жерде көз жұмды.
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен, 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің, 2, 13-тармақтарымен, 58-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болады, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қарады.
Сот анықтағандай, азамат К. алкогольдік масаң күйінде бұрынғы жұбайымен қарым-қатынасын қалпына келтіру үшін оның үйіне келіп, жұбайының қарсылық білдіргені үшін пышақ салған. Жұбайы алған жарақаттардан сол жерде көз жұмды.
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен, 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің, 2, 13-тармақтарымен, 58-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болады, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.