Жүкті әйел Обаманың кесірінен жолда босанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жүкті әйел президент Барак Обаманың кортеджі өтуіне байланысты қозғалыс уақытша шектелген көшеде перзентханаға жете алмай жолда босанды, деп жазады РИА Новости жергілікті «WLKY» порталына сілтеме жасай отырып.
None
None

Бұл оқиға бейсенбі күні Кентукки штаты Луисвилл қаласында болған. Президенттің келуіне байланысты аталған қаладағы бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектелген.

Жедел жәрдем қызметіне жергілікті уақыт бойынша сағат 17:15-те хабарлама түскенімен, дәрігерлер толғағы келген әйелге көшелердегі қозғалыстың шектелуіне байланысты жете алмаған.

«Обаманың кортежі жүкті әйелге емханаға жетуге бөгет болды. Әйелді кептелісте тұрып қалған медбике босандырды. Дүниеге дені сау ұл бала келіп, көп ұзамай анасы мен баласы ауруханаға жеткізілді», делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар