Жүлде қоры – 3 000 000 теңге: Елордада ең жүйрік тазы анықталады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада шырға тарту бойынша «Тазы Гран-При» байқауы өтіп жатыр. Жарысқа 17 өңірден 69 тазы қатысады.

тазы
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

– Қазақ тазы спорт федерациясы үшінші мәрте жарыс ұйымдастырып отыр. Алғашқы жарысқа 20 өңірден 150 тазы қатысты. Екінші бәсекеге 220 тазы жиналды. Бірақ бұл жолы санға мән берген жоқпыз. Іріктеуге 300-ден аса адам жазылды. Солардың арасынан ең мықты деген 70-ке жуық тазыны таңдадық. Бүгін 37 арлан мен 32 қаншық бөлек жарысады, - деді Қазақ тазы спорт федерациясының құрылтайшысы Нұрқожа Ерсайын.

тазы
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
тазы
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге.

тазы
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
жарыс
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
тазы жарысы
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

– Бірінші орын алған 2 тазыға 750 мың теңгеден, екінші орын иегерлеріне 500 мыңнан, үшінші орынға 250 мың теңгеден беріледі, – деді ұйымдастырушы.

тазы
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Ең жүйрік тазы
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
жарыс
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
жарыс
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Айта кетейік, қазақ тазылары Хельсинкидегі Дүниежүзілік иттер көрмесінде әлемге таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар