Жұма күні 7 облыста бұршақ жауып, дауыл тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 11 тамыз күні елдің  басым аймағында құбылмалы ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, жел күшейіп, дауыл тұруы мүмкін. Республиканың батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Елдің солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жұма күні 7 облыста бұршақ жауып, дауыл тұрады

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл тұрады, 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с артады, тұман болады.

Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының жекелеген аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола, Қарағанды, Алматы, күндіз Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман  күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, түнде Атырау облыстарының кей аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады.

Сондай-ақ Алматы облысы, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан,  Ақтөбе, Қарағанды облыстарының  кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.