Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жұмабай Нұржан Азия чемпионатында екі алтын алып, екі рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM — Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыстың ең жас қатысушысы Жұмабай Нұржан екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Жұмабай Нұржан Азия чемпионатында екі алтын алып, екі рекорд орнатты
Фото: Ауыр атлетика федерациясы

Жұмабай Нұржан Ташкенттегі жарысқа 2026 жылғы әлем чемпионы мәртебесінде келіп, әлемдік ауыр атлетиканың көшбасшысы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жұмабай Нұржан Азия чемпионатында екі алтын алып, екі рекорд орнатты
Фото: Ауыр атлетика федерациясы

Оның нәтижелері:

  • Жұлқа көтеру — 159 кг
  • Серпе көтеру — 195 кг
  • Қос сайыс қорытындысы — 354 кг
Жұмабай Нұржан Азия чемпионатында екі алтын алып, екі рекорд орнатты
Фото: Ауыр атлетика федерациясы

— Жарыс қорытындысы бойынша Нұржан Азия құрлығының ең мықты атлеті атанды! Спортшы жеке жаттықтырушысы Нуруллаев Азаматтың жетекшілігімен жаттығады. Қазақстан халқын осындай тамаша оқиғамен, спортшымыздың жарқын әрі сенімді жеңісімен құттықтаймыз! — делінген федерация таратқан ақпаратта.

Жұмабай Нұржан Азия чемпионатында екі алтын алып, екі рекорд орнатты
Фото: Ауыр атлетика федерациясы

Бұған дейін Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының чемпионы атанғанын жазғанбыз.