Жұмысқа қабылдау басталды: LRT жүйесіне қызметкерлер іріктеліп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – «City Transportation Systems» ЖШС Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлерді қабылдау басталғанын хабарлады.
Компания мына лауазымдарға үміткерлер іздейді:
-
Станциялардың ауысым басшылары;
-
Станция кезекшілері;
-
Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;
-
Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;
-
LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
-
Дабыл техниктері;
-
Байланыс техниктері;
-
Электр монтерлері;
-
Жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
-
Жабдықтарды жөндеу слесарьлары;
-
Қойма меңгерушілері.
- LRT жүйесінде жұмыс істейтін болашақ мамандарды оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және Қытай Халық Республикасында өтеді. Курстың ұзақтығы мамандыққа байланысты - 4-6 ай. Бағдарлама аяқталған соң қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат табысталып, барлығы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады, - делінген ақпаратта.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
– көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар бойынша жоғары немесе орта-арнаулы білім;
– кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
Толық біліктілік талаптары cts.gov.kz сайтында жарияланған. Түйіндемелер осы сайт арқылы қабылданады.
Айта кетейік, Астанада LRT желісі Қосшыға қарай ұзартылады.