Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 50-ден астам жұмыс берушінің қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

28 ақпанда Астанада жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Нұра ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін іс-шарада 50-ден астам жұмыс беруші білім беру мен медицинадан бастап бизнес пен мемлекеттік қызметке дейінгі түрлі салада 200-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады.

Жәрмеңке «Барыс Арена» мұз сарайында (Тұран даңғылы, 57) сағат 13:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Кіру тегін. Жәрмеңкеге барлық жастағы тұрғындар қатыса алады. 

Келушілер компания өкілдерімен тікелей сөйлесіп, еңбек жағдайлары және жұмыс кестелерімен танысып, түйіндемелерін қалдыруы тиіс. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 22-23 ақпанда өтетінін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар