Жұмылдыру дайындығы мәселелеріне арналған заң жобасы келісім комиссиясында талқыланатын болады

амырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат тарапынан енгізілген өзгерістерді талқылады.
None
None

Нәтижесінде қос палата арасында келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясын құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң жобасының басты мақсаты еліміздегі жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған орай, заң жобасымен ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, уәкілетті органның, ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзіретін нақтылау бөлігіне және олардың аражігін ажырату бойынша өзгерістер енгізілетін болады. Атап айтқанда, ҚР Президентінің осы салаға қатысты өкілеттілігі нақтыланып, ел Үкіметінің және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктері нақтыланып, барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың аражігі қайта қарастырылады. Құжатта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнінде алдыңғы кезектегі шараларды қабылдау көзделеді. Бұдан басқа, гуманитарлық жәрдем көрсету үшін жұмылдыру резервін бейбіт кезде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылып отыр.

Парламент Сенаты Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына 20-дан астам түзету енгізген болатын. Мәжіліс бұл түзетудің 10-ымен келіспей, сол бойынша келісім комиссиясын құруды ұсынды. Келісім комиссиясының құрамына депутаттар сайланды.

Соңғы жаңалықтар