Жұмыс берушілер бос орындар жәрмеңкесінде ақтөбеліктерге 300-ге жуық ұсыныс жасады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жұмыс берушілер жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесінде жұмыссыз жүрген ақтөбеліктерге үш жүзге жуық ұсыныс жасады.
None
None

Ақтөбедегі отыз кәсіпорын өздеріне қажетті мамандарды іздеді. «Вент Сервис» ЖШС газ-электр дәнекерлеушілерін, «Мега Строй Запад» - тауартанушы, менеджерлер мен әкімшіні іздесе, «Энергиялық жүйе» кәсіпорны жүргізушілер, шебер, электрмонтерлер, инженерлерге сұранысын танытты.

«Бізде әскери аурухананың жанында емхана ашылды. Енді оған офтальмолог, тіс дәрігері, хирург, гинеколог, отаринголог, эндоскопшы мамандарын алып отырмыз», - деп баяндады әскери аурухана бөлімінің бастығы Гүлжанат Тағанова.

Жәрмеңкеде өздерінің бос орындарын кадрлық агенттіктер де ұсынды.

«Бос орындар жәрмеңкесін мұнда жұмыс тауып қана қоймай, қажетті кеңес алуға, жұмысқа орналасудың басқа да мүмкіндіктері туралы білуге болатынымен жақсы. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының арқасында ақтөбеліктер қажет етілетін мамандыққа тегін оқытылып, жұмыс тауып қана қоймай, сондай-ақ минималды мөлшерлемелермен несие алып, жеке ісін аша алады», - деп атап өтті облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова.

Жәрмеңкеде ниет білдірген адамдардың барлығына шағын несиелендіру және жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар