10:53, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Жұмыс орындарын сақтау жөніндегі меморандумдар аясында кәсіпорындардың 98 пайызы міндеттемелерін орындап отыр ? В. Школьник.
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Дағдарыс кезінде жұмыс орындарын сақтау жөніндегі меморандумға қол қойған еліміздегі кәсіпорындардың 98 пайызы меморандум талаптарын орындап отыр.
Бұл туралы бүгін Үкіметтегі селекторлық кеңесте Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мониторинг деректері бойынша, жұмыс орнын сақтау жөніндегі меморандумдар аясында жұмыс берушілердің 97,9 пайызы меморандумның талаптарын сақтап отыр», деді селекторлық кеңесте В. Школьник. Еліміздегі 7 кәсіпорын меморандум талаптарын сақтамай 398 жұмыскерді қысқартуға жол берген. «Маңғыстау облысында меморандум талаптарын 2 кәсіпорын сақтамай 168 жұмыскерін қысқартты, Ақмола облысында ? 1, Алматы облысында -1, Шығыс Қазақстан облысында ? 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Алматы қаласында ? 1 кәсіпорын меморандумның талаптарын орындамады», деді өз сөзінде В. Школьник. Оның айтуынша, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Астана қаласындағы кәсіпорындарда оң тәжірибе байқалуда. Аталмыш өңірлердегі кәсіпорындар меморандумның талаптарын толық орындап отыр.