Жұмыс тобы елорданың сауда орталықтарындағы бағаға мониторинг жүргізуде

деп хабарлады ҚазАқпаратқа Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Олар, соңғы уақытта азық-түлік нарығында анау айтқандай баға ауытқушылығы байқалмағанын айтып отыр. Сауда нүктелерінің сөрелерінде негізінен импорттық азық-түлік тауарлары көп. Осыған байланысты, қазақстандық тауар өндірушілерге жайлы жағдай жасау жөніндегі ірі сауда желілері мен отандық өндірушілердің арасындағы сауда ынтымақтастығы мен өзара түсіністігі туралы меморандумдар жасаудағы Сауда комитеті мен Астана әкімдігінің қанағаттанарлықсыз жұмыстары атап көрсетілді.
Оған қоса, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және техникалық реттеу саласындағы отандық заңнаманың талаптарына сай келмейтін импорттық өнімдер анықталды. Осыған байланысты, жұмыс тобы орталық атқарушы органдарға осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігі туралы тапсырма берді.
Ал сауда орталықтарының басшылары өз кезектерінде, анықталған кемшіліктерді жоюға уәде берді және жеміс-көкөніс және ет өнімдерінің қымбаттауына әкеліп отырған салық салу мәселесіндегі проблемалармен ой бөлісті.