Жұмыс тобының мүшелері спорттағы допингке қарсы күрес мәселесін талқыға салды

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілісте «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» үкіметтік заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Бағила Баймағамбетованың жетекшілігімен өткен жұмыс тобының отырысында заң жобасы талқыға түсті. ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев заң жобасының мақсаты жөнінде баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан Республикасының Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға қатысуы спорттағы допингке қарсы күресті мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында спортты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Осы Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодексі мен Халықаралық Олимпиада комитетінің принциптеріне сәйкес келетін ұлттық және халықаралық деңгейлердегі шараларды қолдануы, сондай-ақ спортшыларды қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған барлық халықаралық ынтымақтастық нысандарын көтермелеуі үшін халықаралық-құқықтық негіз қалайды.

Конвенцияны ратификациялау, әсіресе, 2010 жылы Ванкувердегі ХХІ қысқы Олимпиада ойындары мен 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында өтетін 7-қысқы Азия ойындары қарсаңында халықаралық аренада отандық спорттың ұстанымдарын нығайтуға ықпал етеді және Қазақстан Республикасының спортта допингті қолданудың алдын алу жөніндегі халықаралық талаптарды сақтау және қолдану ниетін растайды.

Бүгінгі таңда Конвенцияға 71 ел қатысушы болып табылады. Оның ішінде 12 ел Азия өңірінен екені белгілі.

Соңғы жаңалықтар