«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша бизнесті шағын несиелендіру өскемендіктердің қызығушылығын тудырды

ӨСКЕМЕН. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Шағын несиелендіру өскемендіктердің қызығушылығын тудыруда.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша бизнесті шағын несиелендіру өскемендіктердің қызығушылығын тудырды

«Біздің мақсат - адамдардың барынша көп саны өз істерін ұйымдастыру үшін қаражат алып, жаңа жұмыс орындарын құру үшін ниет білдіргендердің әрқайсысымен жеке жұмыс істеу», - деді қала басшысы Серік Тәукебаев.

Әкімнің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты - «Ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына көмектесу» аясында 2011 жылы Өскемен қаласында 20 несиелік серіктестік тіркелді. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік бірлестігі өткізген байқау қорытындысы бойынша, 209 800 мың теңге сомасындағы шағын несиелерді 84 жұмыссыз және өз-өзін жұмыспен қамтығандар алды.

Бүгінде қаражаттың 191 609,5 мың теңгесі игерілді.

2012 жылы Өскемен қаласы бойынша екінші бағытты дамыту үшін 235 млн. теңге жоспарланған.

Өскеменнің жұмыспен қамту орталықтары екінші бағыт қатысушыларын дайындау және құжаттарын қарастыру бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Аймақтағы кәсіпкерлікті дамытудың басымдықты бағыттарына сәйкес келетін 17 бизнес жобаны (63 қатысушы) салалық басқармалармен келісу өткізілді. Жалпы сомасы - 163 958 мың теңге.

Сәуірдің аяғында «Ертіс» ӘКБ» шағын қаржылық ұйымдардың алдағы несиелендірілуі үшін байқау жариялады. Байқау құжаттарын 14 несиелік серіктестік тапсырды, жалпы сомасы - 127 958 мың теңге.

Қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту орталығының бастығы Сәуле Жүнісбекованың айтуынша, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша болуы мүмкін қатысушылардың өтінімдеріне байланысты несиелендіруге қосымша қаражат қажеттілігі туындады. «Біз облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне олардың бөлінуі туралы хат жолдадық», - деді.