11:19, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
«Жұмыспен қамту-2020»: Қытайдан келген оралман мал шаруашылығын дамыту үшін несиеге 1,6 млн. теңге алды
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қытайдан келген оралман, Ақмола облысының Ақкөл аудананында тұратын 36 жастағы Шәмел Нұрланбек «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатыспай тұрып, ешқайда жұмыс істемеген болатын.

Ол 2011 жылы бағдарламаның екінші бағытына қатысты. Астана қаласының «Тұран-Профи» Халықаралық кәсіптік академиясында тамыздың 8-27 аралығында кәсіпкерліктің негіздері бойынша білім алды. Жолақыға, жатақханада тұруы үшін мемлекет тарапынан қолдауға ие болды.
Мал шаруашылығын дамыту үшін 1,6 млн. теңге мөлшерінде несие алды.
Алған қаражатына 12 ірі қара, азықтық жем алды. Енді бұзау сатып алуды жоспарлауда. Нұрланбек алдағы уақытта өз ісін кеңейтіп, сүт пен еттен тұрақты пайда түсірмек ниетте.