«Жұмыспен қамту» бағдарламасының көмегімен екінші топтағы мүгедек Л.Қырықбаева жұмысқа орналасты

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында екінші топтағы мүгедек Ләззат Қырықбаева «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында бухгалтер болып жұмысқа тұрды.
None
None

Бұл туралыpm.kz сайтында хабарланды.

 Ләззат Қырықбаева Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушысы атанды және ол осыдан бірнеше ай бұрын мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа тұра алды.

 Ол бастапқыда  «Баланс Сервис» ЖШС-іне бухгалтер болып әлеуметтік жұмыс орнына тұрғызылды. Жұмыс барысында өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете алғандықтан, ол  кейіннен тұрақты жұмысқа қабылданды.

 «Келешекте, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының арқасында өз ісімді ашамын деген үміттемін»,- дейді Ләзза Қырықбаева.

 «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағытының аясында қатысушыларға оқу және жұмысқа тұру мәселелері бойынша консультациялар беріледі, біліктілікті жетілдіру, кәсіби даярлау және қайта мамандандыру жөніндегі тегін курстарға жолдама беріледі, шәкіртақы төленеді, жұмысқа тұруға, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына да тұруға көмек көрсетіледі, жалақылары жартылай субсидияланады.

Соңғы жаңалықтар