Жұмыспен қамту органдары арқылы Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру жұмыстарына тағы 80 адам жіберілді

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамту ұйымдары арқылы Жаңаөзенді қалпына келтіру жұмыстарына 80 адам жіберілді, деп хабарлады Pm.kz сайты үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.
None
None

Қазіргі таңда Жаңаөзенде 46 нысан жөнделуі керек.

«Қалада үлкен құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ол жұмыстарға еңбекпен қамту органдары арқылы жұмыссыздар тартылуда. Құрылыс жұмыстарына аталмыш органдар арқылы 80 адам жіберілді», - деп атап көрсетті Біржан Нұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар