Жұмыспен қамту ? түйінді мәселе

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Кеше ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен өткен селекторлық мәжілістен кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Мадияр Алдоңғаровта тұрақты кеңес отырысы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тұрақты кеңестің күн тәртібіндегі бірінші мәселе ? халықты жұмыспен қамтудың барысы жөнінде облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов хабарлама жасады. Ол аталған мәселе бойынша тұрақты мониторинг жүргізілетінін, барлық жұмысты үйлестіретін штаб құрылғанын айтып, атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Қазіргі таңда жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту барынша маңызды болып табылады. Бірақ, көптеген аудандарда оған қаралған қаржы қоры жетімсіз. Аудандарда бөлініп отырған қаржы көлемі бар болғаны екі-үш айға ғана жетеді. Ал бөлінетін қаржы кем дегенде алты айға жетуі тиіс. Сондай-ақ, Мұрат Бақтиярұлы аудандарда жасалған 2-3 жақты меморандумдардың бірқатар баптары бүгінгі күннің талаптарына жауап бермейтінін назардан қағыс қалдырған жоқ. Облыс әкімінің бірінші орынбасары байланыс желісі бойынша аудан басшыларымен хабарласып, өңірлердегі жұмыссыздықты қысқарту, халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы атқарылып жатқан шараларға қанықты. Облыстық статистика департаментінің бастығы Бақыт Сапар тұрақты кеңестің күн тәртібіндегі мәселе ? ұлттық халық санағына дайындық барысы туралы хабарлама жасады. Ол облыс әкімінің бірінші орынбасарының сауалына орай маңызды шараға дайындықтың тиісті деңгейде жүргізіліп, баспасөз беттерінде материалдардың, оның ішінде логотиптердің үздіксіз жарияланып жатқанын баяндады. Департамент басшысының науқан кезінде телефон қызметінің ақысын өтеуге байланысты сауалына облыс әкімінің орынбасары Сәбит Қожаметов бұл мәселенің толық шешімін тапқанын мәлім етті. Тұрақты кеңес отырысын қорытындылаған М.Алдоңғаров облыс әкімінің бақылауында тұрған дағдарысқа қарсы шаралар кешенінің барлық аудандар мен қала әкімдерінің ұдайы назарында болуы керектігін ескертті. Әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде облыста 9000 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Автомобиль жолдарын салу, қоғамдық жұмысқа тарту өрісі кеңейеді. Бұл бағытта аудандар мен қалада қаржыны ұлғайту қажеттігі туып отыр. Осы орайда әрбір кәсіпорын бойынша мәліметтерді министрлікке уақытында беріп отыру маңызды болып табылады. Осының барлығы уақытында шара қабылдап, дағдарыс зардабын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар