«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 337 адам жұмысқа орналасты - Астана

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің ресми сайты хабарлады.
Астанада «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда - «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» (бірінші бағыт) және «Оқыту және жұмысқа тұруға көмектесу» (екінші бағыт).
Бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 10 жобаны (7 денсаулық сақтау, 2 білім беру және 1 әлеуметтік қамсыздандыру нысандары) іске асыру және 144 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған.
Бағдарламаның екінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттіліктеріне сай оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа тұруға көмектесу» аясында 600 қатысушы қамтылады, соның ішінде:
- 102-сі - әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруға;
- 416 түлек жастар практикасына;
- жұмыссыз, аз қамтылған және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 82 адамды кәсіби оқыту.
Бүгінде жастар практикасына қатысу үшін 120, әлеуметтік жұмыс орындарға жұмысқа тұруға 56 жолдама берілді.