Жұмысшылардың наразылығы бәсеңдегенімен, жұмыспен қамту саласындағы жағдай қалыпты емес ? С.Нұрпейісов

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2008 жылдың қазан айы мен 2009 жылдың ақпаны аралығында елімізде жұмыс орындарының қысқаруы мен еңбекақының уақытылы төленбеуі және азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына байланысты 50 наразылық акциясы өткен.
None
None
Биылғы жылдың қаңтар айында жұмысшылардың мұндай наразылықтары бәсеңдегенімен, халықты жұмыспен қамту саласында ахуал қалыпты емес. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов журналистермен болған апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, «ҚазМұнайГаз - Бұрғылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары келісімшарттардың жоқтығына байланысты мұнай ұңғымаларын күрделі жөндеуден өткізу басқармасының 460 маманын жұмыстан босату жөнінде ескерту жасаған. Сонымен қатар, кәсіпорынның әкімшілік аппаратынан 30 жұмыс орнын босату жоспарланып отыр. Жұмыс орындарын қысқарту шаралары Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, облыстарындағы кәсіпорындарда да орын алып отыр. «Ал екінші деңгейлі банктер аймақтағы барлық филиалдарының қызметкерлерін босатуды көздеп отырған көрінеді. Бұл мәліметтердің барлығын біз өткен жылдың қазан айы мен биылғы жылдың ақпанында елдегі кәсіпорындар мен мекемелердің дағдарысқа байланысты жұмыс орындарын қысқартуларына жүргізген тексерулер барысында анықтадық», дейді ресми өкіл.
Соңғы жаңалықтар