Жұмыссыздар саны азайды - Семей

СЕМЕЙ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында қол жеткен табысты баянды етуге ұмтыла отырып, жұмыс берушілерді бірлесе ынтымақтасуға шақырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бөлім қызметкерлері өткен жылы қол жеткізген басты нәтиже аймақта жұмыссыздың азаюы деп санайды, бес мыңнан астам семейліктер жұмысқа орналасты.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің еңбек нарығы секторының меңгерушісі Вера Гуторованың айтуынша, Семейде 2008-2009 жылдарға арналған еңбекке орналастыру бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. Оның басты бағыты ? халықтың әлжуаз жіктері мен жастарды еңбекке орналастыру. Бұл мақсатқа 2008 жылы 58 миллионнан астам теңге жұмсалды. Жұмыссыздық саны 4,2 пайызға төмендеді. Қазір есепте 2 мыңнан астам адам тұр. Бөлім қызметкерлері еңбекке орналастыру проблемасын жұмыссыз азаматтарды кәсіптік қайта даярлау арқылы шешкелі отыр.
Соңғы жаңалықтар