Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жұмыссыздықты болдырмау мақсатында әскерилердің саны көбейтілмек ? К.Мәсімов

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов елдегі жұмыссыздықты болдырмау мақсатында министрлікке қарасты құрылымдарда келісімшарт негізінде қызмет етіп жүрген әскерилердің санын көбейтуді тапсырды,

Жұмыссыздықты болдырмау мақсатында әскерилердің саны көбейтілмек ? К.Мәсімов
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бір жағынан біз осының арқасында әскери қызметкерлердің жұмыс кестесін ұлғайтатын болсақ, екінші жағынан биылғы жылдың басты міндеті ? жұмыссыздықты болдырмау мәселесін шеше аламыз. Сондықтан мен Төтенше жағдайлар министрлігіне осы жұмысты қолға алуды тапсырамын», - деді К.Мәсімов. Үкімет басшысы атап көрсеткендей, осы іспетті тапсырмалар ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметіне берілетін болады.