Жүректен шыққан патриотизмді қолдау керек - Тоқаев

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

патриотизм
Фото: ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты

— Біз туған жерге қамқорлық жасау, қоғамға қызмет етуге дайын болу секілді жүректен шыққан, нақты істерде көрініс тапқан патриотизмді қолдауға тиіспіз. Мысалы, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсенді қатысу, еріктілер қозғалысына қосылу, қайырымдылық жасау, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысу және елімізге пайдалы басқа да жақсы істер бар, — деді Мемлекет басшысы.

Ал «Таза Қазақстан» ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналды.

— Тазалық халқымыздың адал ниеті мен таза пейілінен басталады. Бұл – ең алдымен көшелерді, үйлерді таза, ұқыпты ұстау деген сөз. Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады. Осы маңызды тұжырымды ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Біз сонда ғана нағыз өркениетті және ілгері қадам басушы озық ел боламыз, — деді Президент.

Осыған дейін Халықаралық экология саммитінде Арал мәселесі талқыланатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар