Журналистер арасында сот қызметі туралы үздік материалға байқау жарияланды
ПАВЛОДАР. 4 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар облысында бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік материал байқауын ҚР Судьялар Одағының Павлодар филиалы мен облыстық сот жариялады, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
Байқаудың басты талаптары - БАҚ-тың сот жүйесін дамытудың маңызды мәселелеріне көңіл аударту, сот реформасының жүру барысы мен судья мамандығының беделін арттыру, сотқызметінің объективті тұрғыда баяндалуы.
Байқауға басылым мен ғаламторда, телеарналар мен радиода биылғы жылы жарияланған материалдар қабылданады.
Жеңімпазды ҚР Судьялар Одағы филиалының отырысында анықталады.