Журналистер Қысқы ойындардың баспасөз орталығында жұмысқа кірісті
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Журналистер 2010 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасындағы бас баспасөз орталығында жұмысқа кірісті, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Бұқаралық ақпарат құралдары қаладағы Көрме орталығына, сондай-ақ Ванкуверден 125 шақырым жердегі таулы Уистлерде жайғастырылды.
Олимпиада ойындарына әлемнің 75 елінен 11 мың баспасөз өкілдері тіркеліп отыр.
Ақпанның 12-28-і аралығында Ванкуверде ХХІ Қысқы Олимпиадалық ойындар өтеді. Олимпиада ойындарына Австралия, Австрия, Багам аралдары, Беларус, Бельгия, Болгария, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Гана, Германия, Гонконг, Грузия, Дания, Израиль, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Кайман аралдары, Канада, Қытай, Солтүстік Корея, Латвия, Ливан, Литва, Лихтенштейн, Молдова, Монако, Моңғолия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Ресей, Румыния, Сенегал, Словакия, Словения, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, Оңтүстік Корея, Ямайка, Жапония елдері қатысады.