16:57, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Журналистер шалғайдағы қыстақтарда болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов бір топ журналистермен бірге Көксу ауданының шалғайдағы қыстақтарында болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сапар мақсаты ? мал қыстатудың барысымен, малдың жайымен, шопандардың тұрмыстық жағдайларымен танысу. С.Үмбетов мамандарымен бірге алдымен «Кереге» шаруа қожалығында болды. Мұхтар Райымбеков бес жылдан бері асыл тұқымды мал өсірумен айналысып келеді. Қостанай облысынан әкелінген «әулиекөл» асыл тұқымды етті бағыттағы ірі қара басы мұнда 445 басқа жетті. Бірнеше ордендермен және медальдармен марапатталған даңқты малшы Сіләмбай Нұрғалиевтің «Тұлпар» атты шаруа қожалығы қой шаруашылығымен айналысады. Мұнда бүгінде 700 бас етті бағыттағы қой өсіріледі. Ал «Шаңырақ» шаруа қожалығы Көксу ауданындағы ең ірі шаруашылық. Мұнда қой, түйе, сиыр және жылқы өсірілуде. «Әулекөл» асыл тұқымды іріқара малын сатудан шаруашылық 4,2 млн. теңге пайда тапты. Бүгінде шаруашылықта 11 106 бас қой, 383 жылқы, 66 бас түйе бар. Бүгінгі таңда Алматы облысы шаруашылықтарында 767 324 бас ірі қара, 2 849 533 қой, 156 мың жылқы, 5993 түйе өсіріліп отыр.