Жұртшылықты еліміздің сыртқы саясаттағы жетістіктерінен барынша хабардар ету қажет ? Нұрбах Рүстемов

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сыртқы істер министрлігі еліміздің сыртқы саясатына қатысты міндеттерді өз деңгейінде атқарып келеді.
None
None
Алайда біздің сыртқы саясаттағы жетістіктерімізден республика тұрғындары жан-жақты хабардар деп айта алмаймыз. Сондықтан да бізге осы мақсаттағы шараларға баса назар аударған жөн. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы жанынан құрылған Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұрбах Рүстемов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан әлемде бірінші болып атом қаруынан бас тартты. Ал бұл осы күнге дейін жай ғана қаруды залалсыздандырған әрекет ретінде бағаланып отыр. Өйткені оның мән-мағынасы халыққа жан-жақты түсіндірілмеген. Бұның ар жағында еліміздің адам факторына, гуманизмге және жалпы бейбітшілікке деген ынта-ықыласының көрінісі жатқандығын халыққа айтып, көрсету қажет. Бұл сияқты мәселелер жетерлік. Қазіргі таңда көпшілік арасында «біз неге Оңтүстік Осетия, Абхазия сияқты елдерді тәуелсіз деп танымаймыз» деген сыңайдағы сауалдар да бар. Осы жағын да біз халыққа нақты түсіндіріп беруіміз қажет», - деді комитет төрағасы. «Елімізде «Еуропаға жол» атты бағдарлама қабылданды. Ал бұл бағдарлама қазаққа не береді. Оның елімізге пайдасы қанша деген мәселе төңірегінде де тиісті жұмыстар атқарған жөн. Жалпы алғанда, осы күнге дейін еліміз сыртқы саясатта қандай да бір жетістікке жетсе, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты екендігі баршаға аян. Сыртқы істер министрлігі Мемлекет басшысы міндеттеген көпвекторлы саясатты жап-жақсы жүзеге асырып келеді. Алайда бізде олардың құзырынан бөлек жатқан мәселелер жетерлік. Соларды қолға алатын кез жетті. Оны әрине, елдегі ықпалды ұйым - «Нұр Отан» партиясы қолға алуы керек. Сондықтан да партия жанынан құрылған Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңестің мойнына жүктелер міндеттер өте зор», - деді Мәжіліс депутаты.
Соңғы жаңалықтар