Жүз жасаған Американдық кейуана ажалынан бір күн бұрын диплом алды

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Массачусетс штатындағы әбден егде тартқан қария ажалынан бір күн бұрын колледждің дипломын алды,

Жүз жасаған Американдық кейуана ажалынан бір күн бұрын диплом алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап. Гарриет Ричардсон Эймс өзінің ғасырлық тойын тойлағаннан кейін үш апта өткен соң көз жұмды.

Эймс зейнетке шыққанға дейін бастауыш сыныптардың мұғалімі болды. Ол мектепте 1931 жылдан бастап істеді және сабақ беруден қол үзбей 20 жыл бойы директор болды. Ұзақ жылдар бойы ол кейіннен бакалавр дипломын алу үшін жеткілікті сынақтарды тапсыру мақсатында университеттік бағдарламалардың түрлі курстарын аяқтайды.

1970 жылдардың басында Гарриет Эймс зейнеткерлікке шығады. Ол көз-жанарының нашарлауына байланысты жұмыс пен оқуды ұштастырып алып жүре алмайды. Оның жүз жылдығына бірнеше жыл қалғанда мұғалимаға мектеп туралы фильм даярлаумен айналысып жатқан топ келеді. Журналистермен болған сұхбат барысында Эймс диплом алуды аңсайтынын айтады. Бұдан кейін мектеп әкімшілігі мұғалиманың оқыған колледжіне оның диплом алуы үшін жеткілікті пәндерден сынақ тапсырған-тапсырмағаны туралы анықтау мақсатында өтініш білдіреді.

Қаңтардың 22-сінде оқу орны Эймске бакалавр дәрежесі берілгені туралы құжат әкеледі. Келесі күні әйел бақилыққа атанып кете берді. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, диплом алу кейуананың ең соңғы мақсаты болған көрінеді.