Жүзден астам батысқазақстандық түлек әскери оқу орындарында білім алуда

ОРАЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері департаментінде мектеп оқушылары әскери оқу орындарында білім алып жатқан батысқазақстандықтармен, сондай-ақ ардагерлермен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазіргі кезде екі адам Түркияда, 18-і Ресей мен Беларуста, 120 батысқазақстандық өз еліміздің әскери білім ордаларында дәріс алуда. Кездесуге қатысқан ҰОС ардагерлері, запастағы полковник Василий Гончаров пен запастағы майор Қосаман Орынбасаров, ауған соғысына қатысушы Нұрлан Мұхамбетқалиев майдан жолдары жөнінде әңгімелесе, жас маман, лейтенант Нұрлан Нартазаев, курсант Аслан Абатов және басқалар ағалар дәстүріне адал болатындықтарын айтты.
Соңғы жаңалықтар