Жүзу спортын насихаттау мақсатында Ақтау қаласы әкімінің кубогы өтуде

АҚТАУ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін Ақтау қаласындағы «Дельфин» спорт кешенінде жүзуден Ақтау қаласының кубогы жарыстар басталды.
None
None
Екі күнге созылар сайысқа 1993-2002 жылғы бүлдіршіндерден құралған үш команда қатысуда. Әр команда құрамында үш ұл, бір қыздан бар. Бүгін жеке спортшылардың жарыстары өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Теңіздің жағасында өмір сүре тұра қаламызда жүзу спортының кенжелеп қалғаны өкінішті. Осы кетікті толтыру үшін кешенді шаралар қабылдап отырмыз. Ақтау қаласының әкімі Сәлімгерей Бақбергенов өз бастамасымен әкім сыйлықтарын тағайындады. Сол себепті, жарысты өткізудегі мақсатымыз - жүзу спортын насихаттау. Су спортымен жүйелі айналысуға табанды қызығушылық қалыптастыру және осы спорт түрінен талантты спортшылар болса, соларды анықтау. Жарыстарды 1993-2002 жылғы балалар арасында өткізіп отырғанымыз сондықтан», дейді жарыстың бас төрешісі Александр Кабаргин. Бүгін кішкентай ұлдар мен қыздар 50 метрлік еркін және брасс әдісімен жүзуден бақтарын сынады. Ертең арқалай кролл әдісімен жүзуден командалық жарыстар өтпек. Жеңімпаздар ертең анықталып, марапатталатын болады.
Соңғы жаңалықтар