20:43, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жүзу спортынан Ақтау қаласы әкімінің Кубогы үшін жарыс мәресіне жетті
АҚТАУ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат. /Жетібай Шаханұлы/ - Жүзуден Ақтау қаласы әкімінің Кубогын сарапқа салған жарыстардың жеңімпаздары анықталды. Екі күнге созылған сайыстың командалық сынағында 666 ұпай көрсеткішімен «Дельфин» командасы бірінші орынды иеленді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жарысқа 1993-2002 жылғы бүлдіршіндерден құралған үш команда қатысты. Олардың ішінде «Орбита 2» командасы 650 ұпаймен және «Орбита 1» командасы 439 ұпаймен 2-ші және 3-ші орындарға ие болды. Командалық сынақтар арқалай кролл әдісімен жүзуден өткен болатын. Ал жеке сайыскерлер арасындағы жарыстар брасс тәсілімен және еркін жүзуден өтті. Мұнда 1993-94 жылғы ұлдар арасында бірінші орынды Гринин Павел, 1995-96 жылғы ұлдар арасында Дима Коростелев және қыздардан Лера Шелковникова иеленді. Сондай-ақ 1997-98 жылғылар ішінен Никита Машкетов пен Дарья Мелешкина, 1999-2002 жылғы қатысушылардан Максим Ворожейкин мен Мария Далиева жеңімпаз деп танылды. Кубок үшін бәсекелер аясында 50 метрден 4 рет жүзіп өтуге межеленген эстафета өткізілді. Кіші кубок жүлдесіне өткен жарысқа үш команда да толық құраммен шығып, бірінші орынды «Орбита 1», екінші орынды «Дельфин», үшінші орынды «Орбита 2» командасы иеленді. Барлық жеңімпаздар жүлделі сыйлықтармен марапатталып, Ақтау қаласының құрамасына спортшылар іріктелді. Жарысқа жалпы саны 91 адам қатысты.