Жүзуден 2020 жылғы әлем кубогы өтпейтін болды
«Халықаралық су спорты түрлері федерациясы жүзуден 2020 жылғы әлем кубогі кезеңдерінің өтпейтінін жариялады. Сондай-ақ, 2021 жылғы кубок кезеңдері мерзімін бекітті. 2021 жылғы әлем кубогы алты кезеңнен тұрады және Токиодағы Олимпиада ойындарынан соң өткізіледі. Бірінші және екінші кезең Сингапур мен Цзинан қалаларында жоспарланған (нақты мерзімі кейін хабарланады), үшінші кезең 1-3 қазан күндері Берлинде (Германия), төртінші кезең 7-9 қазан аралығында Будапештте (Венгрия), бесінші кезең 21-23 қазанда Дохада (Катар), алтыншы әрі финалдық кезең 28-30 қазан күндері Қазан қаласында ұйымдастырылады», делінген Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, 2021 жылғы әлем кубогі кезеңдері 25 метрлік бассейнде өтеді және бұл әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып есептеледі. Аталған чемпионат 2021 жылдың 13-18 желтоқсанында Әбу-Дабиде (БАӘ) өтеді.