Жыл басынан бергі кедендік төлемдер мен салықтар түсімі 1 млрд. 848 млн. 12,9 мың теңгеге жетті

АҚТАУ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Жыл басынан бергі кедендік төлемдер мен салықтар түсімі 1 млрд. 848 млн. 12,9 мың теңгені құрады. Бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға аз,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Маңғыстау облысының ортақ сыртқы сауда айналымы бүгінгі күнге 240 млн. 867,9 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінде 568 млн. 851,0 мың АҚШ доллары болған. Сондықтан облыстың сауда айналымы 57,7 пайызға төмендегені байқалады.Осы жылдың басынан аймаққа сырттан әкелінген тауар және көлік құралдары 107 млн. 137,6 мың АҚШ доллары сомасында болды. . Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға көп. Облыстан сыртқа шығарылған өнім 133 млн. 730,2 мың АҚШ долларын құрап, 71,2 пайызға төмендеген. Есеп беру кезеңінде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 24 іс жүргізілген.
Соңғы жаңалықтар