Жыл басынан бері Астанада 15 мың әкімшілік заңбұзушылықтар тіркелді

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері 150-ге жуық адам ұсақ бұзақылық және қоғамдық орындарды ластағандығы үшін әкімшілік қамауға алынды.

Жыл басынан бері Астанада 15 мың әкімшілік заңбұзушылықтар тіркелді

Бүгінгі таңда 15 мың шамасында әкімшілік заңбұзушылықтар тіркелген. Жолға қоқыс тастаған жүргізушілердің 7 мыңнан астамы жазаға тартылды. Заңның ала жібін аттағандарға 68 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаланы абаттандыратын ұйымдар да «ерекшеленіп», ережелерді сақтамай отыр. ПИК-тің 30-дан астам басшысы және 20 мердігерлік ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылған.