Жыл басынан бері Астанада 5800 сәби дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын Астана қаласында бала туу көрсеткіші ұлғайып келеді. Жыл басынан бері 5800 сәби дүние есігін ашты, өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткішке сүйенсек 5744 сәби туылған, деп хабарлады astana.gov.kz.
None
None

Үстіміздегі жылы дүниеге келген нәрестелердің ішінде 2868-і қыз және 2932-і ұл. Егер елордадағы бала туу көрсеткіштерін өткен жылмен салыстыратын болсақ, қыз балалардың дүниеге келу көрсеткіштерінің өскенін байқаймыз. Мысалы, өткен жылдың бірінші тоқсанында 2694 қыз және 3050 ұл дүниеге келген. Астанада дүниеге келген егіз балалардың саны 12-ге артып, 59 нәресте болды. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, елордада бір тәулікте орта есеппен 60-65 нәресте дүниеге келеді.

Соңғы жаңалықтар