Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жыл басынан бері Астанада кәсіпкерлер саны 6,5% артты

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Елордада үстіміздегі жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 6,5% көбейіп, 178305 адамды құрады. Бұл туралы Статистика департаментіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

Жыл басынан бері Астанада кәсіпкерлер саны 6,5% артты

Сонымен қатар, қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі артқан. Ведомствоның хабарлауынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,3% көбейді.

Айта кетейік, 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша нарықта белсенді қызмет атқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6% азайып, 47263 құрады, соның ішінде 6719 заңды тұлға, 40539 жеке кәсіпкер және 5 шаруа қожалығы.