Жыл басынан бері Астанада шағын және орта бизнес 39,4 миллиард теңге көлемінде несие алды

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Жыл басынан бері Астана қаласында екінші деңгейлі банктер шағын және орта бизнес кәсіпкерліктерін 39,4 миллиард теңгеге несиелендірді.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында партияның Халықтық тұғырнамасының, «Жол картасы» мен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының орындалуы барысы туралы есеп берген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің атап өткеніндей, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында үстіміздегі жылдың басында Астана қаласы әкімдігі мен «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ арасында ықпалдастық туралы меморандумға қол қойылып, оның негізінде екінші деңгейлі банктер шағын және орта кәсіпкерліктерге жалпы соммасы 39,4 миллиард теңгеге несие берген.

 «Сонымен бірге, қуаттарды арттыруға өткен жылы бағытталған несиелік ресурстар, биылғы жылы өзінің экономикалық нәтижелерін бере бастады. Сондай-ақ, өндіріске салынған жеке инвестициялар көлемінің 21 пайызға арту үрдісі де байқалды. Бұл көрсеткіш қараша айында 69 миллиард теңгені құрады. Жалпы алғанда ШОБ-қа бүгінде 109 миллиард теңге бағытталып отыр», - деді ол.

Әкімнің айтуынша, қолға алынған шаралар ШОБ-тың өндірген өнімдері мен көрсеткен қызметтерінің көлемін 15,1 пайызға арттырып, 280 миллиард теңгеге жеткізуге мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар