Жыл басынан бері Атырау облысында 775,7 млрд. теңге инвестицияланды

АТЫРАУ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 2009 жылдың 9 айы ішінде Атырау облысындағы инвестициялардың көлемі 775,7 млрд. теңгені құрады.
None
None

Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 21,1 пайызға артық, деп хабарлайды облыстық статистика басқармасы.

Ұсынылған мәліметтер бойынша, инвестициялардың негізгі көлемін, яғни  84 пайызын өз қызметтерін аймақта жүзеге асыратын басқа мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері игерген. Сонымен қатар, меншіктің жеке нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар 12,8 пайызды игерді.

Инвестицияларға арналған салаларда мұнай мен табиғи газ өндіру, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар басымдықтарға ие болды.

Соңғы жаңалықтар