01:24, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Жыл басынан бері елордада өнеркәсіптің кейбір салаларында өндіріс көлемі артты
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елорданың өнеркәсіп секторының 82,3%-ы өңдеуші және электрмен жабдықтаушы кәсіпорындардан тұрады. Биылғы жылдың басынан бері Астананың кейбір өнеркәсіп салаларында өнім өндіру көлемі ұлғайған. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлайды.

Мәселен, металлургия (181,6%), химия өнеркәсібі (150%), баспа және қосалқы материалдар өндірісінде (103,8%), киімде (102%) өнім өндірудің өскендігі байқалады.
Сонымен қатар, қағаз (36%), жиһаз (32,2%), резина және пластмасса бұйымдары (18,2%), азық-түлік тағамдары (1,7%), сусындар (5,1%) және тағы да басқа салаларда өндірілетін өнімдердің көлемінде төмендеу орын алды.