Жыл басынан бері елордаға 14 мыңнан астам адам көшіп келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2015 жылғы қаңтар-мамырда елордаға 14326 адам келіп, 13770 адам кеткен (көші-қон айырымы +556 адам), - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Астана қаласының «Алматы» ауданына келгендер 4572 адам және кеткендер 8525 адам (көші-қон айырымы -3953 адам), «Есіл» ауданына келгендер 5057 адам және кеткендер 1453 адам (көші-қон айырымы +3604 адам), «Сарыарқа» ауданына келгендер 4697 адам және кеткендер 3792 адамды (көші-қон айырымы +905 адам) құрады.

Көші-қонның жағымды айырымы, негізінен ішкі көші-қон есебінен (+405 адам) қалыптасты. Сыртқы көші-қон бойынша да оң айырым (+151 адам) байқалады.

2015 жылғы қаңтар-мамырда 2014 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда Астанаға келгендер саны 29,6% азайып, кеткендер саны 26,2% артты.

Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2015 жылғы қаңтар-мамырда келгендер 9703 адамды, кеткендер 9298 адамды құрайды.

Елорданың көші-қон өсімінде келгендер үлесі Ақмола облысынан - 17,4%, Оңтүстік Қазақстан - 15,0%, Қарағанды - 9,1%, Алматы қаласынан - 11,4%, Шығыс Қазақстаннан 8,8% және басқа облыстардан 38,3% құрады.

Астана қаласының мына ТМД елдерімен көші-қон айырымы оң мәнді: Өзбекстан (+58 адам), Қырғыз Республикасы (+37 адам), Ресей Федерациясы (+31 адам).

Басқа елдермен оң мәнді көші-қон айырымы, негізінен, Қытай (+12 адам), Моңғолия (+4 адам), Түркиямен (+4 адам) қалыптасты.

Ұлты бойынша көшіп-қонушылар құрылымындағы айтарлықтай үлес салмақ қазақтарға тиесілі, оларға келгендердің жалпы санының 88,7% және кеткендер санының 87,7% келеді. Келгендер мен кеткендер арасында орыстардың үлесі тиісінше 5,9% және 6,8%, украиндар - 0,7% және 0,8%, өзбектер - 0,6% және 0,6%, татарлар - 0,7% және 0,7%, немістер - 0,6% және 0,9%, өзге ұлттар 2,8% және 2,5% құрайды.

Соңғы жаңалықтар